{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Күндерек - Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

23.11.2024

Бұл мәселеде:

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 қарашада Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

15 ақпан

Қазір эфирде