{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі

Күндерек - Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі

23.11.2024

Бұл мәселеде:

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар нақтыланған. Атап айтқанда, Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма бар.

«Мұндай жағдайлардың шамалы санына, орын ауыстыру мерзімдерінің белгісіздігіне және белгілі бір бейіндегі мамандардың сұранысына байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестаттау жүргізу ұсынылады. Осыған байланысты бұйрық жобасында тәжірибеде қолданылмайтын норма алып тастауға жатады», — деді Қорғаныс министрлігінен.

Құжат 5 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.