Күндерек
Күндерек - Қорғаныс министрі Президентке биылғы атқарылған істер жөнінде есеп берді
25.11.2024
Бұл мәселеде:
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.
Қорғаныс министрі:
бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады;
армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты;
мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Ақтөбе облысында есепшілер балабақшалардан 54 миллион теңге жымқырған
Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Бас прокуратура. Ақтөбе облысы ...
«Молчание усугубляет проблему»: Полиция запускает акцию против насилия в семье
В регионе стартовала акция «16 дней активизма против насилия», направленная на привлечение внимания к проблеме ...
LRT станцияларындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жұмыстар ...
КНБ и МВД Казахстана пресекли деятельность радикалов в тюрьмах
В Казахстане пресечена деятельность сторонников радикальной религиозной идеологии в учреждениях уголовно-исполнительной системы (УИС) в нескольких ...
Призыв офицеров запаса в 2025 году: кого и сколько будет призвано
В 2025 году в Казахстане будет проведен призыв свыше 900 офицеров запаса для прохождения воинской ...
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы ...
В Актюбинской области осудили бухгалтера детсадов за кражу бюджетных средств
В Актюбинской области осудили бухгалтера детских садов «Балауса» и «Гүлдер» за присвоение 49 миллионов тенге. ...
Өскеменде 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі сотталды
Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қала прокуратурасы баспасөз ...
За 2024 год статус кандаса получили 16 535 этнических казахов
Об этом сообщает пресс-служба министерства труда и социальной защиты населения. С начала 2024 года в Казахстан ...