{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Доллар арзандады

Күндерек - Доллар арзандады

26.11.2024

Бұл мәселеде:

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,13 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 498,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 503,3 теңге. Еуро 523,5 — 527,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,73 — 4,90 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 26 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,81 теңге. Еуро — 522,24.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.