{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Көлік министрі: Алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайды

Күндерек - Көлік министрі: Алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайды

26.11.2024

Бұл мәселеде:

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайтынын мәлім етті.

«Теміржол тарифтерін көтеру жобасының билет бағасына еш қатысы жоқ. Ол тек жүк тасымалдайтын тарифтерге ғана байланысты. Жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың билетінің бағасы ауыспайды. 

Келесі жылы да, алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды. Баға қалыпты болады», - деді ол журналистің сұрағына берген жауапта.

Министр теміржол инфрқұрылымын жаңарту, жаңа вагондар мен локомотив сатып алу шығындары билет бағасына әсер етпейді деп отыр.

«1 қазаннан бастап жолаушылар пойызының бағасы қымбаттады. Одан басқа қымбаттау алдағы уақытта жоспарланып отырған жоқ. Баға тұрақты болады. Алдағы мерекелердің баршасында баға тұрақты болады», - деді Марат Қарабаев.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.