{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Биыл бюджетке қанша қаржы түсті

Күндерек - Биыл бюджетке қанша қаржы түсті

27.11.2024

Бұл мәселеде:

Биылғы республикалық бюджеттің түсімі мен кірістердің болжамды сомасы белгілі болды.

Толығырақ Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтып берді.

«2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы, бюджеттің келесі параметрлеріне байланысты әзірленді. Бірінші, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) салық түсімдерін 3,1 трлн теңгеге азайтуға және салықтық емес түсімдерді 1,1 трлн теңгеге ұлғайтуға байланысты 2 трлн теңгеге азайды. Екінші, экономиканың өсу қарқынын төмендету тәуекелдері жағдайында өңірлік өсу деңгейін ұстап тұру үшін, сондай-ақ биыл республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт 2 трлн теңгеге ұлғайтылды.

Үшінші, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, Үкіметтік борыш қызметіне 150 млрд теңге сомасындағы қаражатты қайта бөлу қарастырылған. Төртінші, бюджет тапшылығында 136,1 млрд теңге сомасына 2023 жылдың соңына бюджет қаражатының қалдықтары және жекелеген жобаларды іске асыруға қарыздарды тарту ескерілді», - деді Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр ұсынған статистикаға сүйенсек, 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжануда. 2024 жылғы кірістер трансферттерді есепке алмағанда 14,1 трлн теңгені құрайды.

«Биыл бюджет тапшылығы 3,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 2,7% деңгейінде болжануда. Бюджет шығыстары 24,1 трлн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштер кепілдік берілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны мен бюджет тапшылығы бойынша бюджеттік қағидаларға сәйкес келеді», - дейді ведомство басшысы.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде