Күндерек
Күндерек - Мемлекет басшысы Ресей президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
27.11.2024
Бұл мәселеде:
27 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен келіссөз қорытындысына оң баға беріп, оның барысында екіжақты күн тәртібіне қатысты барлық өзекті мәселе талқыланғанын жеткізді.
"Өзара ынтымақтастық бойынша ортақ ұйғарымға келдік. Үкіметтерге тиісті тапсырмалар берілді. Алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Екі елдің қарым-қатынасы зор қарқынмен дамып келеді. Біздің міндетіміз – осы динамиканы бәсеңдетпей, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың табысты өркендеуіне, инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуіне, сондай-ақ білім мен гуманитарлық салалардағы байланыстардың нығаюына қолайлы жағдай жасау", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарының қазіргі жай-күйіне назар аударды. Президенттің айтуынша, өзара сауда-саттық үздіксіз дамуда, таяу уақытта екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге мол мүмкіндік бар. Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады.
"Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 18,3 миллиард доллар болатын 93 бірлескен жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде Қазақстанда 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта шамамен құны 29,5 миллиард доллар болатын және 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 49 жобаны қолға алуды жоспарлап отырмыз", – деді Қазақстан Президенті.
Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді.
"Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық. Ең бастысы, барлық сауалдың жауабын табуға ортақ ұмтылыс бар. Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін. Ал мұндай ниеттестік үлкен жетістіктерге ұласады. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы артып келеді. Қазіргідей қиындықтарға қарамастан, ықпалдастығымыз кеңеюде әрі қос тарапқа да тиімді", – деді Ресей Президенті.
Келіссөз барысында сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Аймағамбетов: Ауытқуы бар адамдарды бөлек ұстап, жабу — дұрыс емес
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бізге оларды жабумен немесе емдеумен емес алдын алу және көмек ...
В Абайской области задержан наркоторговец с крупной партией «синтетики»
Полицейские пресекли деятельность крупного наркоканала, задержав 20-летнего жителя Семея, подозреваемого в хранении и распространении синтетических ...
В Костанайской области задержан иностранец с SIM-box, использовавшимся для мошенничества
В Костанайской области полицейские пресекли деятельность мошенников, использовавших SIM-box. В ходе совместной операции с департаментом ...
«КазАвтоЖол» предупредил водителей об ухудшении погоды в восьми регионах Казахстана
За дополнительной информацией можно обратиться в круглосуточный колл-центр по номеру 1403. 20 февраля в ряде регионов ...
Жол ережесін жиі бұзатын қалталы жастарға шара қолдану керек - сенатор
Сенатор Марат Қожаев өзінің депутаттық сауалында неліктен жол ережесін жиі бұзатындарға айыппұл көлемін арттыру ұсынысын ...
Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімді жалғызбасты ана тәрбиелеп отыр
Елордада 5 жасар баланы лифті ішінде пышақтаған жасөспірімді жалғызбасты ана тәрбиелеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Таңсәуле ...
Премьер-министр Казахстана обсудил реализацию инвестиционных проектов
Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений президента страны в сфере привлечения инвестиций, ...
В Карагандинской области спасли мужчину, пропавшего по пути в Актогай
В Актогайском районе Карагандинской области проведена поисково-спасательная операция, сообщает пресс-служба МЧС РК. По данным ведомства, 43-летний ...
Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері, сенаттың экс-депутаты, Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті. Қаралы хабарды ...