{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Биыл әлемдегі интернет пайдаланушылар саны 5,5 миллиардқа жетеді

Күндерек - Биыл әлемдегі интернет пайдаланушылар саны 5,5 миллиардқа жетеді

28.11.2024

Бұл мәселеде:

Халықаралық электр байланыс одағы (ITU) 27 қараша күні «2024 жылғы деректер мен фактілер» баяндамасын жариялады. Онда 2024 жылдың соңына қарай әлемдегі интернет пайдаланушылар саны 5,5 миллиардқа жететіні болжанған, деп хабарлайды CNS ақпарат агенттігі. 

Баяндамаға сәйкес, бұл көрсеткіш әлем халқының 68%-ын құрайды. Дегенмен, цифрлық теңсіздік әлі де сақталуда, әлем халқының үштен бірі немесе шамамен 2,6 миллиард адам «офлайн» күйінде қалады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2023 жылы 2,8 миллиард адам интернетке қол жеткізе алмаған, бұл әлем халқының шамамен 35%-ын құрады.

Халықаралық электр байланыс одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин «бұл баяндамадан цифрлық саладағы жоғары табысты елдер және төмен табысты елдер арасындағы айқын айырмашылықты байқауға болады» деп атап өтті.

Сондай-ақ, 2024 жылы әлем халқының 51%-ын 5G желісі қамтиды деп күтілуде. Алайда, жоғары және төмен табысты елдер арасындағы алшақтық айқын сезіледі: жоғары табысты елдерде халықтың 84%-ы 5G желісіне қол жеткізе алса, төмен табысты елдерде бұл көрсеткіш небәрі 4%-ды құрайды.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде