{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Күндерек - Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

29.11.2024

Бұл мәселеде:

Бұқар жырау бульварының учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, 30 қараша сағат 7:00-ден 2 желтоқсан 06:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары бойында Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 

Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы – 1 766,9 м.

«Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалынан. 

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде