Күндерек
Күндерек - Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды
02.12.2024
Бұл мәселеде:
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазды Polisia.kz.
Іс-шара барысында саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды. Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді.
Сонымен қатар прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке, сұйықтығы бар 35 шыны паллет, олардың құрамында кептіру сатысындағы психотроптық зат болуы мүмкін деген күдік бар, белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр, ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап, сүзгілері бар 5 газтұтқыш, жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуумды пакет, есірткі жасауға арналған жабдық (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесінің металл бөлшектері), таразылар, телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекетке қолданылған басқа да заттар бар.
Бұл операцияның нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің шығуына тосқауыл қойылды. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды, оның ішінде азаматтық тұрғындар арасынан курьерлерді (жасырын қойып кетушілерді) қылмыстық әрекетке тартудың алдын алу мүмкін болды. Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронмен Рияд қаласында кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Рияд қаласында өтіп жатқан One Water саммиті аясында Франция ...
В Жамбылской области у 344 голов скота выявлен бруцеллез
В рамках действующего законодательства больные животные отправлены на санитарный убой с последующей переработкой, сообщает Kazinform. По словам заместителя руководителя ...
Застрявшего головой в перилах ребенка спасли в Кызылорде
Об этом сообщает МЧС РК. «Сегодня на пульт 112 поступило сообщение от жителя микрорайона Арай города ...
В аэропорту Алматы появился новый въезд в зону вылета
Международный аэропорт Алматы сообщает об открытии дополнительного заезда на пандус в зону вылета на второй ...
Алматыда тұмау жұқтырғындардың саны 30 пайызға артқан
Алматыда соңғы апталарда тұмау жұқтырғандардың саны біршама артқан. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ...
Женщине зажевало руку эскалатором в ТЦ Астаны
Фотографиями с места происшествия поделились читатели Tengrinews.kz. По их словам, несчастный случай произошел с посетительницей ТЦ ...
Житель Жетысу лишился свободы за пощечину, нанесенную бывшей супруге
Жителя Алакольского района Алматинской области привлекли к ответственности за удар по лицу, нанесенный бывшей супруге, ...
Назначен новый аким Арыси
По согласованию с Администрацией президента РК и маслихатом города указом акима Туркестанской области Кайсар Манкараев ...
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды
Өскемен қаласында полиция қызметкерін мас күйде боқтап тасаған әйел 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қалалық № 2 ...