Күндерек
Күндерек - Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады
02.12.2024
Бұл мәселеде:
Әңгімелесу барысында Президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Екі ел арасында белсенді саяси диалог қалыптасты, сауда-экономикалық әріптестік өркендеді, мәдени байланыстар жанданды және білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардың саны артты. Қауіпсіздік саласында, әсіресе, «үш зұлым күшке» қарсы күрес бағытында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұдан бөлек, елдеріміздің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясындағы, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы халықаралық байланыстары белсенді өрбіп келеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қытай тату көршілік қарым-қатынастың нағыз үлгісін көрсетіп отыр.
Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Чжан Сяоның қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды, деп ...
Курс доллара снизился на 1,62 тенге по итогу торгов
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). По итогам дневных торгов средневзвешенный курс доллара составил 523,17 тенге, ...
Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан 25 адам қаза тапты
Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Bangkok Post хабарлады, деп ...
Сотрудникам госпредприятия не выплачивали зарплаты на 8,5 млн тенге в Актюбинской области
Прокуратурой Темирского района Актюбинской области выявлен факт задержки в КГП «Шубаркудык жылу» выплаты заработной платы ...
Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр
Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі ...
Появились подробности смерти пса-героя по кличке Пшөн
Ранее хозяйка Зәмзәгүл сообщила, что неизвестные застрелили ее собаку, которая весной прославилась на весь Казахстан, ...
Жетісу облысында құс атуға шыққан мектеп оқушысына оқ тиді
Алакөл ауданындағы Көлбай ауылында кәмелетке толмаған балаға оқ тиді. Оқушы қазір Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың ...
Суд оставил без изменений решение по делу сына депутата Турлыханова
Апелляционная инстанция Алматинского городского суда оставила без изменений решение первой инстанции по делу Нурасыла Болата, ...
Павлодарда жыл басынан есірткіге қатысты 225 қылмыс анықталған
Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарға жатады. Айналымға жіберілмеген есірткі және психотроптық ...