Күндерек
Күндерек - Қазақтелекомның лауазымды тұлғалары өкілеттіктерін асыра пайдаланған
02.12.2024
Бұл мәселеде:
«Қазақтелеком» АҚ филиалы – cервистік фабрикасы лауазымды адамдары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Антикор хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ филиалы — сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдіктенеді», — делінген Антикор хабарламасында.
Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.
Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. KASE қор нарығындағы ...
Пожар произошел в одном из ЖК в Астане
Столичные огнеборцы потушили возгорание в квартире жилого дома в районе Нура по ул. Анет баба, ...
«Алакөл» қорығының бірнеше басшысы пара алды деп сотталды
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры сотталды, деп хабарлайды Антикор. «Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология ...
Осуждены директор и сотрудники РГУ «Алакольский государственный заповедник» – Антикор
В Жетысуской области Алакольским районном судом осуждены директор РГУ «Алакольский государственный заповедник» комитета лесного хозяйства ...
Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Саудовскую Аравию
Глава государства примет участие в One Water Summit, сообщает Акорда. Международный форум пройдет под председательством Казахстана ...
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды, деп ...
Курс доллара снизился на 1,62 тенге по итогу торгов
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). По итогам дневных торгов средневзвешенный курс доллара составил 523,17 тенге, ...
Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан 25 адам қаза тапты
Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Bangkok Post хабарлады, деп ...
Сотрудникам госпредприятия не выплачивали зарплаты на 8,5 млн тенге в Актюбинской области
Прокуратурой Темирского района Актюбинской области выявлен факт задержки в КГП «Шубаркудык жылу» выплаты заработной платы ...