{metadescription}

Күндерек

Күндерек - ҰБТ тапсырмаларының сапасы артады – Ғылым министрлігі

Күндерек - ҰБТ тапсырмаларының сапасы артады – Ғылым министрлігі

03.12.2024

Бұл мәселеде:

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу бағытындағы жұмыстарға қатысты түсінік берді.

- 2023-2024 жылдар аралығында Дүниежүзілік банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 350 сарапшы ҰБТ тест тапсырмаларын тиімді әзірлеу және сараптама жасау бойынша оқыту курсынан өтті. Оқытылған сарапшылар Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған іс-шараларға белсенді түрде жұмылдырылып, тәжірибелерін одан әрі жетілдіп жатыр.

Орталық мультимедиа элементтері мен жоғары деңгейдегі когнитивтік машықтарды бағалайтын интерактивті тапсырмаларды әзірлеу мақсатында жаңа инновациялық онлайн платформасын енгізу бойынша жұмысты атқарып отыр. Аталған платформа арқылы әртүрлі типтегі тапсырмаларды әзірлеу мүмкіндігі ашылады, бұл өз кезегінде ҰБТ тапсырмаларының сапасын арттырады, - деп аталып өткен Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Осыған дейін 2021 жылғы 3 желтоқсандағы Дүниежүзілік банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында дайындалған есеп негізінде халықаралық кеңесшілердің ұсыныстары ескерілген.

- Бұл тұрғыда 2024 жылы ҰБТ-ға мультимедиялық элементтері бар сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары енгізілгендігін атап өтеміз, - делінген ведомство ақпаратында.

Дереккөз: kazinform

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде