Күндерек
Күндерек - Атырау әкімдігі күйеуі қайтыс болған әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған
03.12.2024
Бұл мәселеде:
Атырау қаласының әкімдігі асыраушысы жоқ әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Бұл шешіммен келіспеген тұрғын облыстық мамандандырылған әкімшілік сотына жүгінді.
Атырау қаласының тұрғыны 2005 жылдың желтоқсан айында әкімдіктен жер телімін беруді сұрап, кезекке тұрған. Алайда, ол 2011 жылдың қарашасында қайтыс болған.
- 2012 жылдың сәуір айында жесір әйел әкімдікке жер учаскесіне кезекті өз атына қайта рәсімдеу туралы өтінішпен жүгінген. Кейін ол жер комиссиясының қарауына бірқатар тиісті құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жер қатынастары бөлімінің талаптарын толық орындаған. Ал, 2015 жылдың мамыр айында аталған бөлім жесір әйелге 2005 жылдың желтоқсан айынан бері жер учаскесіне кезекте тұрғаны туралы анықтама берген. Мұны EGOV және EГКН ақпараттары растайды, -деп хабарлады соттан.
Алайда, 43 жастағы әйел 2023 жылдың маусым айында жер телімі кезегінен шығарылған. Бұл әкімдіктің бөлімінен хабарланған. Кейін ол бөлімге дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш берген. Бөлімнен бұл ұсыныстан бас тартқан.
- Талап қоюшы ресми ақпарат көздеріне сәйкес 2005-2023 жылдар аралығында кезекте тұрғаны анықталды. Сот осыны ескеріп, бөлімнің кезекті қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп таныды. Бөлімге талап қоюшының кезегін қалпына келтіру міндеттелді, - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.
Әкімдіктің бөлімі сот шешіміне байланысты шағым түсірмеген. Ал, сот шешімі заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндалды, деп ...
Ерлан Карин провел заседание Совета по молодежной политике
Под председательством государственного советника Ерлана Карина в Астане состоялось очередное заседание Совета по молодежной политике ...
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталды
Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы аясында құжаттарды тексеру барысында ...
Глава государства принял председателя Мажилиса Ерлана Кошанова
Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о деятельности Палаты по законодательному обеспечению курса реформ президента. Спикер Мажилиса ...
Кареты скорой помощи будут фиксировать нарушения ПДД в Казахстане
Автоматические системы фиксации нарушений правил дорожного движения появились на каретах скорой помощи в Акмолинской области, ...
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес құруды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға қатысты ойымен бөлісіп, Қазақстанның ІТ сектордағы әлеуеті зор ...
Семейных дебоширов отвезли в одну из колоний СКО
Полицейские организовали для них экскурсию в пенитенциарное учреждение, сообщает Polisia.kz. Группа мужчин, допустивших неоднократные правонарушения в ...
Президенту представлены отечественные разработки в сфере искусственного интеллекта
Касым-Жомарт Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.AI, который создается в целях трансформации Казахстана в ...
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев AIemai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Орталық елімізді жасанды ...