{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр

Күндерек - Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр

03.12.2024

Бұл мәселеде:

Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтты.

«Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Сондықтан мектептерде ешқандай ақша жинауға жол берілмейді. Бұл жаңа жылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Әсіресе, қазір барлық іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған», – деді Бейсембаев.

Министр кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін баса айтты. Сонымен бірге, Ғ.Бейсембаев мұғалімдерге сыйлық беру мәселесіне де тоқталды.

«Сыйлықтарға да қатысты «Гүл сыйлауға бола ма?» деген сұраққа жауап бергенмін. Иә, рұқсат етілген шекте болады. Менің білуімше, мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді. Біз балаларды ешқандай материалдық марапат күтпеуге үйретіп, тәрбиелеп жатырмыз», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.