Күндерек
Күндерек - Павлодарда жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 5 адам қаза тапты
04.12.2024
Бұл мәселеде:
Ертіс-Баян өңірінде жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 25 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам көз жұмып, 2 адам зардап шеккен. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Жазатайым оқиғалардың көбі өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған.
Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау, пешті қаптау, пайдалану кезіндегі техникалық қағидаларды ескермеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Жылыту кезеңі басталғаннан бері облыстың тұрғын үй секторында 25 өрт болып, 2 адам қаза тапты, 1 адам жарақат алды. Сондай-ақ көміртегі тотығымен уланған 3 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған байланысты мекеме қызметкерлері жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын күшейтіп жатыр. Республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Павлодар өңірінде өрттің алдын алу бойынша ауқымды рейдтер ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалпы саны 1233 үйге және зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінді. Мамандар жалпы саны 54 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шыққан.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар есебінен 687 улы газ датчигі орнатылған. 98 үйде пеш мұржасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, 87 үйде пеш алды металл парақтары орнатылды.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Совместные рейды полиции и спасателей МЧС прошли в Абайской области
Об этом сообщает Polisia.kz. В области Абай сотрудники полиции и спасатели МЧС провели совместные рейды в ...
Глава государства принял заместителя премьер-министра Каната Бозумбаева
Касым-Жомарту Токаеву было доложено о ходе подготовки Национального проекта по модернизации энергетической и коммунальной инфраструктуры. В ...
Президент одобрил бюджет Казахстана на 2025-2027 годы
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Главой государства подписан закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2025 ...
Мемлекет басшысы Ұлттық қор туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан ...
Землетрясение произошло в 96 км от Алматы
Поземные толчки зафиксированы на территории Кыргызстана. Землетрясение зарегистрировано в 17:07 сейсмическими станциями Национального научного центра сейсмологических ...
Автобус горит открытым пламенем в центре Астаны
Об этом сообщает МЧС РК. «В эти минуты столичные огнеборцы тушат загорание автобуса по проспекту Мангилик ел ...
Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Ескелді ауданында жол көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды. Құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ...
ОПГ добывала золото и подделывала украшения: преступников осудили в Астане
Организованная преступная группа, занимавшаяся незаконным оборотом драгоценных металлов, осуждена к длительным срокам лишения свободы, сообщает ...
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. Финляндия тарапының ...