Күндерек
Күндерек - Оралда 17 жастағы қостанайлық жасөспірім есірткімен ұсталды
04.12.2024
Бұл мәселеде:
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Деркөл кентінде 2007 жылы туған жасөспірімді ұстады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жеке тінту кезінде одан 25 zip-пакет тәркіленді.
Кейін жасөспірім есірткі жасырған орындарын көрсетіп, сол жерлерден 109 zip-пакетке салынған үш үлкен орама табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттардың жалпы салмағы 249 грамм, яғни шамамен 1245 дозалық «Альфа PVP» психотроптық заты екені анықталды.
«Тергеу барысында қолға түскен жасөспірімнің Қостанай облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол Орал қаласына Telegram-арна арқылы жұмысқа шақырылған. Жұмыс берушілер жол жүру және тұру шығындарын өтеген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция заңсыз есірткі сақтау және таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өңірдегі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп, «Орал – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда», деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Безбарьерные платные парковки появятся еще в двух районах Алматы
С 5 декабря в Алматы добавят безбарьерные парковки в Жетысуском и Бостандыкском районах, сообщает Tengri Auto. По ...
Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үш жылдық бюджетіне қол қойды. "Мемлекет басшысы "2025 – 2027 жылдарға арналған ...
Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды
Облыс прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізіп, бірнеше ауданда жылу мерзімінде берілмегені ...
Потолок обрушился в школе в Петропавловске: дети в больнице
В Петропавловске в средней школе, которую построили четыре года назад, обрушился потолок. Вызов о происшествии в ...
Совместные рейды полиции и спасателей МЧС прошли в Абайской области
Об этом сообщает Polisia.kz. В Абайской области сотрудники полиции и спасатели МЧС провели совместные рейды в ...
Президент Бозымбаевқа ұлттық жоба бойынша тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетикалық және коммуналдық ...
Глава государства принял заместителя премьер-министра Каната Бозумбаева
Касым-Жомарту Токаеву было доложено о ходе подготовки национального проекта по модернизации энергетической и коммунальной инфраструктуры. В ...
Президент одобрил бюджет Казахстана на 2025-2027 годы
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Главой государства подписан Закон Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2025-2027 ...
Мемлекет басшысы Ұлттық қор туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан ...