{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

Күндерек - Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

04.12.2024

Бұл мәселеде:

Облыс прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізіп, бірнеше ауданда жылу мерзімінде берілмегені анықталған.

Бұл туралы Абай облысы прокуратурасы мәлімдеді

Прокуратураның мәліметінше, облыс орталығында жылу маусымы 1 қазанда басталған. Алайда, басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдар жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны белгілі болып отыр. Аягөз ауданында қазандық істен шықса, Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстары кешіктірілген. 

Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін, Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, «Жарма-Су» КМК директоры қызметінен босатылды.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.