{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Доллар 8 теңгеге қымбаттады

Күндерек - Доллар 8 теңгеге қымбаттады

11.12.2024

Бұл мәселеде:

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 8,43 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 516, 93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522,1 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,15 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 508,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 534,82.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.