{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Алматыда бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыс азайды

Күндерек - Алматыда бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыс азайды

12.12.2024

Бұл мәселеде:

Жыл басынан бері Алматы қаласында қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендеді. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылықтың басым бөлігі қаланың әр жеріне орнатылған 150 мыңға жуық бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Цифрлық құралдар оқиғаларға жедел әрекет етуге және қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Күн сайын полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың көшелерінде қызмет атқарады. 

Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың сөзінше, қылмыстарды ашумен қатар профилактикалық рейдтер, түсіндіру жұмыстары және қоғамдық орындар мен жолдарда тәртіпті бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. 

— Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері 2 000-нан астам қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты. Қалада қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендеді. Алдағы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында патрульдік полиция гарнизоны мен Полиция департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі, - деді Серік Шумаев.

Дереккөз: kazinform 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде