{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Зертханадан өлімге әкелетін вирустардың жүздеген үлгісі жоғалып кетті

Күндерек - Зертханадан өлімге әкелетін вирустардың жүздеген үлгісі жоғалып кетті

12.12.2024

Бұл мәселеде:

Аустралияның Квинсленд штатындағы зертханадан өлімге әкелетін вирустары бар 300-ден астам шыны түтік жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Хабарланғандай, құрамында вирусы бар 323 түтік жетіспейді. Олардың ішінде Хендра вирусы бар 100-ге жуық түтік, хантавирус бар екеуі және лиссавирус бар 223 түтік ғайып болған.

Үлгілер 2021 жылы жоғалып кетті, бірақ құқық бұзушылық тек 2023 жылдың тамызында расталды. Зертханадағы сынамалар олар сақталған мұздатқыш бұзылған кезде жоғалған деп болжанып отыр. 

— Бұл материалдардың дәл осы кезеңде жоғалуы алаңдаушылық тудырып отыр. Олар жұмыс істеп тұрған мұздатқышқа рәсімделмеген құжат арқылы ауыстырылған, — деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында Квисленд штатының бас санитарлық дәрігері Джон Джеррард.
Зертханадан жоғалған вирустардың үш штамы адам үшін өлімге әкелуі мүмкін.

Үлгілердің қазір қайда екені, оның жойылып-жойылмауы белгісіз күйде қалып отыр. Деcе де, сынамалар жоғалғаннан кейін халыққа жұқтыру қаупі бар ешқандай дерек тіркелген жоқ. 

— Қоғамға қауіп төнуі мүмкін сценарийді елестету қиын. Айта кету керек, вирус үлгілері мұздатқыштан тыс жерде тез бұзылып, жұқпалы қасиеттерін жоғалтады. Маңыздысы, соңғы бес жылда Квинсленд тұрғындары арасында Хендра вирусы немесе лиссавирус жұқтыру жағдайлары болған жоқ және Аустралияда ешқашан хантавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген, — деп қосты ол. 
Сондай-ақ вирус үлгілері оларды зиян тигізу мақсатында пайдалану үшін қолды болды деуге негіз жоқ. Вирустардың өзі қауіпті болғанымен, жұқтыру деңгейінің төмендігі оларды маңызды генетикалық модификациясыз биологиялық қару жасау үшін жарамсыз етеді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде