Күндерек
Күндерек - Мемлекет басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті
12.12.2024
Бұл мәселеде:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты.
– Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үдерісте парламентаралық дипломатия айрықша рөлге ие. Президент депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосады деп санайды.
Өз кезегінде Валентина Матвиенко қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстанға зор ықыласпен және парламенттік үлкен делегацияны бастап келгенін айтты. Ол Ресей Президентінің сәлемін жеткізіп, Владимир Путин Астанаға жасаған сапарының қорытындысын жоғары бағалағанын атап өтті.
– Ресей Президентінің Қазақстанға сапары өте табысты әрі нәтижелі болды. Ең бастысы, өзара тиімді және құрметке негізделген біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны артып келеді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Тауар айналымы, инвестиция, өндірістегі ірі жобалар, энергетика, ауыл шаруашылығы секілді қай саланы алып қарасақ та, екі ел арасындағы берік стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың нағыз үлгісін көреміз, – деді Валентина Матвиенко.
Кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Дерекеөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан «ASMA INDUSTRIAL» өндірістік аккумулятор шығару ...
Алматинский филиал «КазАвтоЖола» оштрафован за нарушения
По данным департамента полиции филиал привлечен к административной ответственности, на компанию наложен штраф в размере ...
Курс доллара продолжает расти на торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 522,91 тенге, ...
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Жетысускую область
Об этом сообщает Акорда. «Президент посетит ряд промышленных и социальных объектов региона», – говорится в сообщении. Ранее ...
Атырауда мектеп есепшісі жалақы қорынан 32,6 млн теңгені өз есепшотына аударған
Атыраудағы мектептерде жалақы қаржысын заңсыз аудару дерегі анықталып отыр. Бір есепші өзінің есепшотына 32,6 млн ...
Стоимость парковки повысят в аэропорту Алматы
С 1 января 2025 года в международном аэропорту Алматы вводятся новые тарифы на парковку автомобилей. В пресс-службе ...
ШҚО-да екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Өскеменде бірнеше апта бойы екі қызды іздеу жалғасып жатыр. 18 жастағы Әнел Ерік 18 күн ...
Касым-Жомарт Токаев встретился с председателем Совета Федерации России
Касым-Жомарт Токаев отметил, что визит председателя Совета Федерации Валентины Матвиенко является еще одним знаковым событием ...