{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Биыл құмар ойын ұйымдастыратын 9 мың платформа бұғатталды

Күндерек - Биыл құмар ойын ұйымдастыратын 9 мың платформа бұғатталды

13.12.2024

Бұл мәселеде:

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің қызметкері Дәурен Мүліков айтты.

«Қазіргі уақытта гаджеттердің, компьтерлердің, яғни цифрлық технологиялардың дамуына байланысты интернет желісінде онлайн ойындар қаптап кетті. Олар Қазақстан аумағында ұйымдастырылса, онда тиісті шара қабылдап, қылмыстық іс қозғаймыз. Алайда, олардың басым бөлігі шетелде, шетелдік платформаларда орналасқан. Серверлер де шетелде тұр. Бұл қиындық туғызады. Дегенмен, олармен де күрес жүргізіп жатырмыз. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне заңсыз ойын платформаларының сілтемелерін енгізіп, бұғаттаймыз. Осы жылдың өзінде 9 мыңнан астам сілтеме аталған ақпараттық жүйеге енгізілді», - деді Дәурен Мүліков.

Оның атап өтуінше, бір күнде 300 сайт бұғатталғанымен олар автоматты түрде соңына 1 әріп не белгі қосып, айналы түрде қайта ашылып жатады. Сондықтан агенттік мұндай жайттың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдау үстінде. Алдағы уақытта мұндай құмар ойын платформаларын жедел бұғаттау мақсатында жасанды интеллект қолданылмақ.

«Әлемнің кейбір елінде онлайн құмар ойынға шектеу енгізілмеген. Бізде шектеу бар. Ол мемлекеттерде шектеу болмағандықтан онлайн құмар ойындары интернет арқылы тарала береді. Сондықтан біз екінші деңгейлі банктер арқылы бұл мәселені шешуге ұсыныс жасадық. Мәселен, Ойын бизнесі және лотареяны реттеу комитеті өз сайтында онлайн құмар ойынын ұсынатын сайттар туралы ақпаратты орналастырады. Ал екінші деңгейлі банктер аталған сайттарға ақша аударуға тыйым салады», - деді ол.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде