{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Күндерек - Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

14.12.2024

Бұл мәселеде:

«Қазгидромет» РМК 14 желтоқсанда еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде боран, күндіз облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңерең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде,шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағандыда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Оралда көктайғақ болады деп болжанады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, Жарма ауданында - 23-28 м/с, Семейдегі екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада кей уақытта көктайғақ, тұман болады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Петропавлда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23 м/с. Өскеменде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-18 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда күндіз жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с. Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Алматы облысының шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде