{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қаржы керек - Досаев

Күндерек - Алматы метросының құрылысын жалғастыру үшін қаржы керек - Досаев

18.12.2024

Бұл мәселеде:

Алматы әкімдігі метрополитенді дамыту үшін халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Алматыдағы ОКҚ брифингі барысында қала әкімі Ерболат Досаев журналистердің метро желілерін қаржыландыру және салу үшін қытайлық компанияларды тарту мүмкіндігі туралы сұрақтарына жауап берді.

– Қаланың көлік инфрақұрылымын құру және соның арқасында экологиялық жағдайды жақсарту біз үшін аса маңызды басымдық. Негізінде метро, LRT және БRТ сияқты жоғары жылдамдықты қоғамдық көлікті дамыту көзделген. Үкіметпен бірлесіп, біз батыс бағытта - «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін 5,3 км және шығыс бағытта - «Жібек жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейін 14 км жаңа метро желілерін салу үшін мемлекеттік кепілдікпен қаражат алу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз, - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Мегаполис әкімі қазір мемлекеттік кепілдіктер алу үшін құқықтық негіз дайындалып жатқанын атап өтті. Мәселен, жаңа бюджет кодексінде қарызды қаржыландыру және оны республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу көзделген. Бұл түзетулер Парламент Сенатында.

– Біз қазір түрлі халықаралық қаржы институттарымен ең тиімді шарттарды алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, мүмкін бұл ұйымдардың консорциумы болар. Осыдан кейін конкурстық шарттарда мердігер таңдалады. Заманауи технологиялар тезірек құруға мүмкіндік береді, сондықтан біз нормативтік мерзімдерді сақтай алатын серіктестерді таңдаймыз. Біз құрылысты екі жақта қатар бастауды жоспарлап отырмыз. Мысалы, «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларының құрылысы жоспарланған 3,5 жылдан 7 жылға дейін 2 есеге созылды. «Қалқаман» станциясы бойынша 1,9 км метро желісінің құрылысы 2020 жылдан бастап 4 жыл бойы жүргізілуде. Оны 2026 жылы аяқтаймыз, – деді ол.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде