Күндерек
Күндерек - Ұлытау тұрғыны қызының жалаңаш суретін желіге жариялағаны үшін жазаға тартылды
19.12.2024
Бұл мәселеде:
Сәтбаев қалалық соты жәбірленушінің келісімінсіз интернет арқылы жеке ақпарат таратып, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген сотталушы «С»-ға қатысты үкім шығарды.
Сот материалдарына сәйкес, сотталушы «С» 2024 жылдың 21 тамызында сағат 00:32 шамасында өзінің бұрынғы қызы, 2002 жылы туған «Т»-ны масқаралау мақсатында Telegram арнасында «В» атты топ ашқан. Топқа жәбірленушінің 12 танысын, туыстарын және достарын қосып, өз ұялы телефонында сақталған, жәбірленушінің кіндіктен жоғары жалаңаш түскен екі суретін, хат алмасуларын және жеке құпия болып саналатын ақпараттарын жариялаған.
Сонымен қатар, сотталушы «С» TIK-TOK әлеуметтік желісінде @g парақшасын ашып, жалпы қолжетімді екенін біле тұра, жәбірленушіні масқаралау мақсатында оның диктофон жазбасын бейнежазба ретінде жариялаған. Осылайша, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігінде көзделген жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, сондай-ақ дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдер жиынтығымен расталды. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындағанын және жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды ескерді.
— Сот үкімімен «С» Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Сотталушы сот залынан қамаққа алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген сот таратқан хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ...
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Схема массовой активации sim-карт для интернет-мошенничества раскрыта МВД в Жетысу
Сотрудники департаментов полиции Жетысуской области и города Астаны при координации департамента по противодействию киберпреступности МВД провели успешную операцию ...
Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті ...
Избиение на рынке в Атырау: виновному в гибели человека вынесен приговор
19 декабря в Атырауском городском суде №2 завершилось рассмотрение резонансного уголовного дела о смерти Амандыка ...
Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде ...
Касым-Жомарт Токаев принял председателя совета директоров Euronews Педро Варгаса Давида
В ходе встречи были обсуждены вопросы сотрудничества Казахстана и канала Euronews, одного из мировых лидеров ...
Курс доллара вновь вырос на торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 524,02 тенге, ...
Көпбалалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы ақпарат берді. 2024 жылдың ...