Күндерек
Күндерек - Көпбалалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды
19.12.2024
Бұл мәселеде:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы ақпарат берді.
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 472,9 млрд теңге қарастырылған.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Олжас Бектенов Рудныйдағы жылу беру маусымы барысымен және қара металлургияның дамуымен танысты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапарында Рудный қаласында болып, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік ...
Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ...
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Схема массовой активации sim-карт для интернет-мошенничества раскрыта МВД в Жетысу
Сотрудники департаментов полиции Жетысуской области и города Астаны при координации департамента по противодействию киберпреступности МВД провели успешную операцию ...
Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті ...
Избиение на рынке в Атырау: виновному в гибели человека вынесен приговор
19 декабря в Атырауском городском суде №2 завершилось рассмотрение резонансного уголовного дела о смерти Амандыка ...
Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде ...
Касым-Жомарт Токаев принял председателя совета директоров Euronews Педро Варгаса Давида
В ходе встречи были обсуждены вопросы сотрудничества Казахстана и канала Euronews, одного из мировых лидеров ...
Курс доллара вновь вырос на торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 524,02 тенге, ...