Күндерек
Күндерек - Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
19.12.2024
Бұл мәселеде:
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл — көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.
Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.
Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
ШҚО-да мектепке «бомба қойған» әйел 3 жылға сотталды
Шығыс Қазақстан облысында мектепке бомба қойылғаны жайлы жалған хабар берген әйел 3 жылға бас бостандығынан ...
СҚО экономикалық сотының төрағасы қылмыс үстінде ұсталды
Ол 15 мың АҚШ доллары сомасында пара алу кезінде ұсталып қалған. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз ...
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткалары ...
Олжас Бектенов Рудныйдағы жылу беру маусымы барысымен және қара металлургияның дамуымен танысты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапарында Рудный қаласында болып, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік ...
В Казахстане стартовала акция «Пиротехника»
По инициативе Министерства по чрезвычайным ситуациям совместно с Министерством внутренних дел, акиматами и представителями общественности ...
Впервые в Алматы проведены операции по имплантации беспроводного кардиостимулятора
Уникальные операции по имплантации беспроводного кардиостимулятора AVEIR™️ VR успешно выполнены в городской клинической больнице №7 ...
Размытую паводками дорогу к селу в Акмолинской области начали восстанавливать после вмешательства прокуратуры
Мерами прокуратуры Акмолинской области восстановлена подъездная дорога для жителей села Каражар «В весенний период текущего года ...
Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ...
Более 1000 наркокурьеров могут досрочно выйти на свободу в Казахстане
В Казахстане смягчат наказание для наркокурьеров и закладчиков. Такая новелла принята Сенатом в рамках поправок ...