{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

Күндерек - Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

19.12.2024

Бұл мәселеде:

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева - үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд өкілдері Тхасапори Накло - Буньяви Тамчайватпен кездесті.

Қазақстандық-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 брейкке қол жеткізді.

Жібек Құламбаева - Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық дуэт Рия Бхатия - Зил Дисаимен таласады. Бұл жұп доданың 4-ракеткалары, жапониялық Хироко Кувата - үндістандық Сахая Ямалапаллиды жолдан тайдырды - 6:4, 6:7 (2:7), 10:5.

Дереккөз: Kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Қазір эфирде