Күндерек
Күндерек - Қорғаныс министрі ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды
27.12.2024
Бұл мәселеде:
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы келіссөздер жүргізіп, қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының өнімдерімен танысты.
Сапар аясында БАӘ вице-президенті Мансур ибн Заид Әл Нахаянмен хаттамалық кездесу өтті. Онда қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар Армия үйінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министр Мұхаммед бен Мүбарак Фадель әл-Мазруи өзара мүдделі ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
БАӘ қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қызметімен танысу мақсатында қазақстандық делегация Tawazun Industrial park индустриялық паркінде болды. Онда әскери мақсаттағы өнімдер шығаратын «Нимр», «Каракал», «Халкон» және «Адаси» компаниялары жұмыс істейді.
Әскери қызметшілер әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. Олардың қатарына жауынгерлік сауытты машиналар, атыс қаруы, жоғары дәлдіктегі басқарылатын және түзетілетін авиациялық бомба, тікұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппараттары және жоғары қашықтықтағы тосқауылдаушы оқ-дәрілер кіреді.
Бұл Қазақстан тарихындағы Қорғаныс министрінің Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары екенін айта кету керек.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады. ҚР ІІМ арнайы ...
Президент Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы ...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар екі учаске бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілді. «ҚазАвтоЖол» ...
Токаев: «Казахстанцы продемонстрировали солидарность и сострадание»
Под председательством президента Касым-Жомарта Токаева состоялось совещание в связи с авиакатастрофой вблизи Актау, сообщает пресс-служба ...
Қызылордада полицейлер есірткі притонын жойды
Қызылордада полицейлер есірткі притонын жойды. Қызылорда облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс ...
Спасатели эвакуировали 40 человек из автобуса в Карагандинской области
В Карагандинской области сотрудники Министерства по чрезвычайным ситуациям РК эвакуировали 40 человек, сообщает пресс-служба ведомства. Инцидент ...
В Кызылорде пресечена деятельность наркопритона
В Кызылорде сотрудники полиции ликвидировали наркопритон, организованный в одном из жилых домов города. Об этом ...
Полицейские помогли иностранному путешественнику, застрявшему на трассе
На трассе республиканского значения Алматы – Усть-Каменогорск сотрудники полиции оказали помощь гражданину Турции, автомобиль которого ...
В Жамбылской области обнаружили 100 кг марихуаны под сеном
В городе Шу Жамбылской области сотрудники МВД обнаружили 100 кг высушенной марихуаны, спрятанной под сеном ...