Күндерек
Күндерек - Президент Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды екенін айтты
28.12.2024
Бұл мәселеде:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті.
Басқосуда Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға зардап шеккен шетел азаматтарына қажетті медициналық және психологиялық тұрғыдан толық көмек беруді, қайтыс болған Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына айрықша қамқорлық көрсетуді тапсырды.
Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндеті жүктелді.
Президенттің пікірінше, бұл ретте ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін мұқият тексеру қажет екенін мәлімдеді.
Кеңес барысында Үкіметтік комиссия төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Самолет разбился при посадке в аэропорту Муан в Южной Корее
Об этом сообщает Yonhap News. «Все люди на борту, за исключением двух спасенных, предположительно, погибли в авиакатастрофе ...
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: 181 адамның 179-ы мерт болды
Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеме жасап BBC хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адамды ...
Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: 47 адам қаза тапты
Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде ...
Двух человек спасли из снежного плена в Актюбинской области
Их спасли сотрудники МЧС РК. В 20 км от с. Карауылкельды Байганинского района Актюбинской области из-за ...
Өскемен тұрғынынан 112 млн теңге алып, қайтармай қойған адам Алматыдан табылды
Өскемен қаласының тұрғынынан 112 млн теңге алып, қайтармай қойған адамды полицейлер Алматыдан тапты. Көші-қон қызметінің мамандарына ...
Глава государства провел телефонный разговор с президентом России
По инициативе российской стороны состоялся телефонный разговор президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с президентом Российской Федерации ...
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады. ҚР ІІМ арнайы ...
Президент Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы ...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар екі учаске бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілді. «ҚазАвтоЖол» ...