Күндерек
Күндерек - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады
01.01.2025
Бұл мәселеде:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін бәріміз жүз жылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз.
Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады.
Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа зор үмітпен қарайды.
Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан, мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.
Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды.
Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады.
Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды.
Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.
Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге толтырды.
«Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша келбетке ие бола бастады.
Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.
Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсті.
Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан салынды.
Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша заңдар қабылдады.
Сондай-ақ, биыл біз еліміздің келешегіне айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.
Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті.
Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық.
Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында Көк туымызды биікте желбіретті.
Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды.
Басқа да көптеген табыс бар.
Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті.
Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады.
Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр.
Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз.
Алға сеніммен қадам басамыз.
Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады.
Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады.
Алдағы жыл бұдан да табысты болады.
Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.
Үкімет экономикамыздың үдемелі өсуін қамтамасыз етіп, тиімді жұмыс атқаруы керек.
Жаңа өндіріс орындарын ашып, кәсіп жүргізуге жағдайды жақсарту қажет.
Жолдар салуды және коммуналдық мәселелерді шешуді жалғастыру керек.
Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллекті қолдану аясын кеңейту қажет.
Диқандарымызға қолдауды күшейту керек.
Осы жұмыстардың барлығында басты мақсат - азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетті дамытуға көбірек көңіл бөлетін болады.
Жаңа мектептер мен ауруханалар салуды, мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтеруді жалғастырамыз.
Әрине, мемлекет жастарға қолдау көрсетеді.
Келер жылы бізді бірқатар атаулы дата күтіп тұр.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына лайықты етіп өткіземіз. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдығын жоғары деңгейде атап өтеміз.
Сондай-ақ, ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек.
Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі.
Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз.
Дәл қазір мерекеге қарамастан, мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады.
Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!
Қадірлі ағайын!
Осы мерекелік сәтте мен әр шаңыраққа шаттық тілеймін!
Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін!
Төрт құбыламыз түгел болсын!
Ардақты аналарымыз бен ардагерлеріміз аман болсын!
Жас ұрпақтың жолы ашық, болашағы жарқын болсын!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!
Жаңа жылда баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Осы отбасылық мереке жүректеріңізді жылулық пен қуанышқа толтырсын!
Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт және өркендеу тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Оперативная информация об ограничении движения на трассах в двух областях
3 января 2025 года в 20:30 в Актюбинской области в связи с ухудшением погодных условий ...
Казахстанцев перевозят поездами в связи с закрытием трасс
Поездами нацперевозчика перевезено более 400 человек, сообщает пресс-служба АО «Пассажирские перевозки». «Сегодня из-за временного закрытия трасс в ряде ...
В Восточном Казахстане сошла вторая за день лавина
В Уланском районе ВКО днем произошел самопроизвольный сход снежной лавины, сообщает Kazinform. Как сообщили в департаменте по ЧС региона, ...
95 авто столкнулись на трассе: число пострадавших выросло до 20
Число пострадавших в результате массового ДТП на трассе Астана – Щучинск выросло до 20 человек. ...
10 человек госпитализированы после массового ДТП на трассе в Акмолинской области
Информация предоставлена пресс-службой «КазАвтоЖола». Всего в аварийно-спасательных работах задействованы 152 человека и 68 единиц техники «В ходе аварийно-спасательных ...
Движение ограничили из-за непогоды на трассе в Карагандинской области
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». 3 января в 17:45 в связи ухудшением погодных условий планируется введение ограничения ...
О ликвидации последствий массового ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Информацию предоставили в пресс-службе «КазАвтоЖола». «На данный момент из 95 транспортных средств, оказавшихся в ДТП, извлечены ...
Реформы и нововведения в 2025 году анонсировал Минздрав РК
Проект «Клиника одного дня» масштабируют на всю страну, сообщает пресс-служба Кабмина. Опыт регионов, где в пилотном ...
Полицейского прокатили на капоте в Шымкенте
2 января в ходе патрулирования сотрудники полиции остановили машину Toyota Highlander, водитель которой нарушил правила ...