{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты

Күндерек - Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты

01.01.2025

Бұл мәселеде:

1 қаңтардан бастап аналарға бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері өседі.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР заңына сәйкес, жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мынадай мөлшерлерде белгіленген:

1-ші балаға — 5,76 айлық есептік көрсеткіш;

2-ші балаға — 6,81 айлық есептік көрсеткіш;

3-ші балаға — 7,85 айлық есептік көрсеткіш;

4-ші және одан кейінгі балаға 8,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін көбейтілді. Соған сай, 2025 жылғы төлем былай белгіленді:

1-ші балаға — 22 649 теңге (2024 жылы — 21 266 теңге);

2-ші балаға — 26 777 теңге (2024 жылы — 25 143 теңге);

3-ші балаға — 30 867 теңге (2024 жылы — 28 982 теңге);

4-ші және одан кейінгі нәрестелер үшін — 34 995 теңге (2024 жылы — 32 859 теңге).

Одан бөлек босанған анаға берілетін бір реттік жәрдемақы — сүйіншіпұл бар. Биыл бірінші, екінші және үшінші балаға 149 416 теңге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге (63 АЕК) сүйіншіпұл төленеді.

Декретке шыққанға дейін жұмыс істеген әйелдер үшін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты есептеледі. Орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтеді. Коэффициент 4,2-ге тең. Кейін шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алып тастайды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Қазір эфирде