{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Цехінде 1 келіден астам есірткі сақтаған кәсіпкер 15 жылға сотталуы мүмкін

Күндерек - Цехінде 1 келіден астам есірткі сақтаған кәсіпкер 15 жылға сотталуы мүмкін

07.01.2025

Бұл мәселеде:

Полиция жиһаз цехінде есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехінде жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

— Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз жасаумен айналысқан. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты. Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде