Күндерек
Күндерек - Оралда жолаушылар автобустарының жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды
08.01.2025
Бұл мәселеде:
Орал қаласында «Алый парус» ЖШС қызмет ететін барлық бағыттар бойынша автобустар жүргізушілері таңмен жұмысқа шығудан бас тартты.
Жүргізушілер еңбек демалысына уақытылы шығу мүмкіндігінің жоқтығы, сондай-ақ медициналық сақтандыруға, зейнетақы қорына қаржының дер кезінде аударылмауы салдарынан туындайтын қиындықтарды алға тартты.
Қала әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, таңғы рейс сағат 06.00-де басталса, кешкісін 21.00-де аяқталуы тиіс.
«Алый парус» ЖШС шаһардағы №3, №3к, №14, №17, №35, №38, №51, сондай-ақ қала маңындағы №55, №56 және №77 бағыт бойынша қызмет етеді.
Қалыптасқан мәселені шешу үшін сағат 09.00-де оқиға орнына қала әкімі Мұрат Байменов пен осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Азамат Халелов келді.
Кәсіпорын басшылығымен бірге аталған бағыттар бойынша қатынайтын автобустар жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті шаралар алынғаннан кейін сағат 11.00-де мәселе шешіліп, автобустар тиісті бағыттарға оралды.
- Бұл бағыттарда 40 автобус қатынайды. Өткен жылдың 11 айында «Алый парус» ЖШС 898 млн теңге субсидияға өтінім берді. Соның ішінде 545 млн теңге төленді, бұл – сұралған қаржының 60 пайызы. Жүргізушілердің орташа айлық жалақысы – 390 мың теңге. Кәсіпорында 85 адам еңбек етеді, - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Семее спасатели МЧС освободили детей, запертых в квартире
В микрорайоне Карагайлы города Семея специалисты ДЧС Абайской области предотвратили потенциально опасную ситуацию. Сообщение о том, ...
В Жамбылской области родился малыш-гигант
В Кордайской районной больнице появился на свет ребенок весом 6 килограммов 140 граммов. Об этом ...
Лос-Анджелестегі орман өртінен бес адам қаза болды
Калифорния билігінің хабарлауынша, орман өртінен қаза тапқандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды BBC. - Бүгін ...
Патрульные полицейские в Акмолинской области вновь помогли водителю на заснеженной трассе
Патрульные продолжают оказывать помощь водителям, попавшим в сложные ситуации на дорогах, сообщает Polisia.kz. Недавно на официальный ...
Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлап кетті
Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлаған. Олардың барлығы жарақатына байланысты ауруханада емделіп шықты. Бұл жөнінде ...
В Астане бетономешалка перевернулась, задев две машины: виновник предстанет перед судом
На проспекте Акжол в Астане произошло серьезное ДТП с участием трех автомобилей. Бетономешалка марки «Миксер» ...
В Казахстане расследуется дело о мошенничестве в сфере льготного жилищного кредитования
Полицией начато расследование уголовного дела по факту мошенничества при приобретении квартир по льготному кредитованию. По данным ...
В Семее задержали мужчину за попытку перебросить запрещенные предметы в колонию
41-летний житель Семея пытался перебросить через основное ограждение колонии №20 Абайской области сверток с запрещенными ...
Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды
Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды. Оған шалдыққан науқастардың басым бөлігі қаңтар-мамыр аралығында тіркелген. Олардың ...