Күндерек
Күндерек - АЭС құрылысы бойынша қандай мамандар әзірленеді – Министр жауабы
08.01.2025
Бұл мәселеде:
Атом электр станциясын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, 2032 жылы – құрылыстың шарықтау кезінде 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтып берді. Ал АЭС-ті пайдалану кезеңінде кемінде 2000 азамат жұмысқа орналаса алады.
– АЭС құрылысын қолдау үшін отандық колледждер АЭС-қа арналған мамандықтарды дайындайтын болады (дозиметрист, газтурбина слесары, АЭС жабдықтарды жөндеу маманы, АЭС ақпарат технологиялар бойынша маманы және т.б.). Министрліктің бағыныстағы ұйымдары – Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институты электртехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықта және ядролық мамандықтар бойынша колледж студенттерінің өндірістік тәжірибе өткізу базасы болады, – деді А.Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Осы жаңа жобалардан бөлек, 2025-2029 жылдары отын-энергетика кешенінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қосымша 16 мыңға жуық жұмыскерді қажет етеді. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтардың 43 кәсіби стандарты жаңартылды, жаңа мамандықтар мен біліктілік белгіленді.
– Биыл энергетика саласында жаңа мамандықтардың 4 кәсіби стандарты әзірленеді және атом өнеркәсібін қоса алғанда, 29 кәсіби стандарт жаңартылады. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 ЖОО мен 200 астам колледжді қамтитын отын-энергетика кешені саласының мамандарын даярлау жұмыстары атқарылып жатыр, - деді ол.
Энергетика үшін 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж кадр дайындайды. Онда электр, жылу және жаңартылатын энергетика салаларының 7 мамандығы бойынша 19 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
– Жаңа электр энергиясын өндіру нысандарының салынуын, тұтынудың белсенді өсуін және экономикалық дамуын ескере отырып, 2030 жылға қарай тек энергетика саласында 20 мыңнан астам мамандарға қажеттілік болады, – деді министр.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Лос-Анджелестегі орман өртінен бес адам қаза болды
Калифорния билігінің хабарлауынша, орман өртінен қаза тапқандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды BBC. - Бүгін ...
Патрульные полицейские в Акмолинской области вновь помогли водителю на заснеженной трассе
Патрульные продолжают оказывать помощь водителям, попавшим в сложные ситуации на дорогах, сообщает Polisia.kz. Недавно на официальный ...
Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлап кетті
Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлаған. Олардың барлығы жарақатына байланысты ауруханада емделіп шықты. Бұл жөнінде ...
В Астане бетономешалка перевернулась, задев две машины: виновник предстанет перед судом
На проспекте Акжол в Астане произошло серьезное ДТП с участием трех автомобилей. Бетономешалка марки «Миксер» ...
В Казахстане расследуется дело о мошенничестве в сфере льготного жилищного кредитования
Полицией начато расследование уголовного дела по факту мошенничества при приобретении квартир по льготному кредитованию. По данным ...
В Семее задержали мужчину за попытку перебросить запрещенные предметы в колонию
41-летний житель Семея пытался перебросить через основное ограждение колонии №20 Абайской области сверток с запрещенными ...
Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды
Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды. Оған шалдыққан науқастардың басым бөлігі қаңтар-мамыр аралығында тіркелген. Олардың ...
Какая погода ждет казахстанцев сегодня
«Казгидромет» представил прогноз погоды по стране на 9 января. В Астане переменная облачность, снег, низовая метель, ветер 9-14 м/с, ...
Түркістанға қатынайтын әуе рейстерінің саны артады
Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай — Түркістан және Қарағанды — Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі ...