{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды

Күндерек - Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды

09.01.2025

Бұл мәселеде:

Қызылорда облысында былтыр 92 адам коронавирус жұқтырды.

Оған шалдыққан науқастардың басым бөлігі қаңтар-мамыр аралығында тіркелген. Олардың жалпы саны 76 адам. 

— Ал мамыр мен тамыз аралығында бірде-бір адам коронавирусқа шалдыққан жоқ. Одан кейін тамызда — 3, қыркүйекте — 7, қазанда — 5, қарашада — 1 жағдай есепке алынды. Науқастардың басым көпшілігі ауру симптомымен тіркелді. Облыстағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Оған шалдыққан адамдардың басым бөлігінде аурудың жеңіл немесе орташа клиникалық белгісі болуы мүмкін. Олар арнайы емді қажет етпестен аурудан айығып жатады. Кей адамдарда ол ауыр ағымда болады. Асқыну байқалып, медициналық араласуды қажет етеді, — деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.