{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Олжас Бектенов жаңа Әділет министріне бірқатар тапсырма берді

Күндерек - Олжас Бектенов жаңа Әділет министріне бірқатар тапсырма берді

09.01.2025

Бұл мәселеде:

Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды. 

Премьер-министр Азамат Есқараевқа министр қызметінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ерлан Сәрсембаевты таныстыру барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына қойған бірқатар міндеттерді атап өтті.

Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды.

Парламентпен өзара тығыз іс-қимыл жүргізу, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттілігі нақтыланды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.