Күндерек
Күндерек - Мүфтият квадроберлерге қатысты пікір білдірді
16.01.2025
Бұл мәселеде:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат бойынша жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға қатаң тыйым салынатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құран аяттарын негізге ала отырып, бұл Құдайдың жаратылысын өзгертуге ұмтылу деп бағалады ҚМДБ Ғұламалар кеңесі. Квадробер – бұл жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер.
Алла Тағала адам баласына ақыл мен сана беріп, ардақтап, басқа жаратылыстан ерекшелеп, ең көркем бейнеде жаратты. Алла Тағала Құранда:
"Біз Адам балаларын ардақты етіп, құрлықта да, теңізде де (емін-еркін) жүргіздік. Һәм таза (адал) азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқан нәрселеріміздің көбінен әлдеқайда үстем еттік" – деген. Келесі аятта:
"Шын мәнінде, біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық", – деген.
Демек, бұл аяттардан түсінетініміз, адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзі шариғатымызда тыйым салынған[4].
Сондықтан жануарларға тән сипаттарға (ит сияқты үру, есек сияқты ақыру т.с.с.) әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады.
Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б "квадробердің", яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды.
Шешім: Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Опубликованную аудиозапись полицейского начальника обсуждают в Сети
В Сети появилась аудиозапись с голосом высокопоставленного полицейского из Карагандинской области. Авторы рассылки голосового сообщения утверждают, ...
Новые электробусы начнут курсировать на маршруте №98 в Алматы
Об этом сообщает акимат города. С 18 января на маршрут №98 (станция метро «Райымбек» – ЖК ...
Землетрясение произошло в 109 км от Алматы
Сетью сейсмических станций ТОО ННЦСНИ МЧС РК 16 января 2025 года в 17:30 по времени Астаны ...
Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінді
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді. — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі 2025 ...
Движение ограничили в Атырауской области из-за непогоды
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». 16 января в 19:45 в связи ухудшением погодных условий вводится ограничение движения ...
Вор с синдромом Плюшкина задержан полицией в Семее
Семейчанин с синдромом Плюшкина задержан за серию краж, сообщает Polisia.kz. В Абайской области сотрудники полиции задержали ...
МЧС массово демонтирует заграждения во дворах Павлодара
В Павлодаре сотрудники ДЧС совместно с отделом жилищно-коммунального хозяйства и сотрудниками полиции провели масштабную акцию ...
Подозреваемого в ложном сообщении о бомбе в школе установила полиция Актау
В Актау полиция установила личность подозреваемого в ложном сообщении о заложенной в школе бомбе, сообщает ...
Международный аэропорт Астаны переходит на баланс города
Об этом сообщает акимат столицы. В связи с завершением срока действия договора доверительного управления, заключенного с ...