Күндерек
Күндерек - Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
23.01.2025
Бұл мәселеде:
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 23 қаңтарда экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.
Кездесу барысында "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" ЗТБ президенті Виктор Микрюков, "Атамекен" ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, "NAC Analytica" Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, "Dasco Consulting group" ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, "Fortune Partners" ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, "Комментарий" талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға "Талап" Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, "DESHT" талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, "Visor Kazakhstan" инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.
Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
"Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет экономикалық өсуді ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Тренера по футболу в Павлодаре приговорили к пожизненному заключению за педофилию
В Павлодаре молодого мужчину признали виновным в насильственных действиях сексуального характера в отношении малолетней и склонении ...
В Алматы массово уберут незаконно установленные ларьки общепита
Управление предпринимательства и инвестиций города Алматы с 27 января по 17 февраля 2025 года займется ...
Павлодарда қатты жел салдарынан ауыл мектебі түгі қалмай жанып кетті
Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан педагогтар мен оқушылар зардап шекпеген. Бүгін ...
Новая ипотечная программа «Наурыз жұмыскер» запущена в Казахстане в Год рабочих профессий
В рамках инициированного главой государства Года рабочих профессий правительством принимаются меры поддержки технических специалистов. По поручению ...
Бывший муж 7 лет преследовал и истязал жительницу Астаны
C 15 июня 2024 года ужесточена ответственность за совершение ряда правонарушений в семейно-бытовой сфере, напоминает ...
По рекомендации Антикора в Казахстане ожидается снижение цен на лекарства и медизделия
В 2024 году агентством проведен внешний анализ коррупционных рисков в деятельности Национального центра экспертизы лекарств ...
За мат и угрозы в отношении супруги павлодарец арестован на 10 суток
В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Быт» в Павлодаре полицейские пресекли семейный скандал, сообщает Polisia.kz. «Мужчина выражался в ...
Убийство в магазине Сарани: назван мотив преступления
50-летний подозреваемый в жестоком убийстве продавщицы в Сарани дал первые показания. Видео допроса предоставили в ...
Тағы да алапат өрт тұтанып, 50 мыңнан аса адам эвакуацияланды
Лос-Анжелес округінің солтүстігіндегі өрт Кастаик қаласының маңындағы 10 200-ден астам орман алқабын (4 128 га) ...