{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Павлодарда қатты жел салдарынан ауыл мектебі түгі қалмай жанып кетті

Күндерек - Павлодарда қатты жел салдарынан ауыл мектебі түгі қалмай жанып кетті

23.01.2025

Бұл мәселеде:

Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан педагогтар мен оқушылар зардап шекпеген.

Бүгін таңертең төтенше жағдай қызметінің пультіне Ертіс ауданы Бұланбай ауылында орналасқан негізгі мектеп ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тілсіз жау білім ұясына бейімделген бөлек тұрған бір қабатты ғимаратта тұтанған. Бұл нысан 2010 жылы салынған. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

— Қатты желден ғимарат жанында тұрған электр бағанасында қысқа тұйықталу болған. Өрт содан пайда болуы мүмкін. Өрт шалған аумақ 153 шаршы метрді құрайды. Жанып кеткен мектепті қарап шықтық, ғимаратты қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады Павлодар облысы білім беру басқармасынан.

Аталған мектепте 20 оқушы оқып келген. Оқиға орнында Ертіс ауданының әкімі мен өңірлік білім беру басқармасының басшысы болып, Бұланбай ауылы тұрғындарымен жиын өткізген. Онда оқу үдерісін әрі қарай ұйымдастыру мәселесі талқыланған. Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша балалар әзірше шағын орталыққа орналастырылады.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себептері әлі де анықталып жатқанын мәлімдеді. Олардың есебінше, өрттің аумағы 130 шаршы метрді құраған.

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде