Күндерек
Күндерек - Алматыда жүректің қан тамырлары 95% тарылған қарт адамға жаңа технологияны қолдана отырып, ота жасалды
24.01.2025
Бұл мәселеде:
Алматы қаласының интервенциялық хирургтары қарт адамға жаңа технологияны қолдана отырып, коронарлық артерияларға стент орнатты.
Бұл операция 2025 жылғы 21-23 қаңтар аралығында Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының базасында өткен коронарлық артериялардың тамыр ішінде ультрадыбыстық зерттеуін қолдану бойынша халықаралық ғылыми-практикалық курс шеңберінде жасалды. Аталған іс-шараға Қазақстанның басқа аумақтарынан келген интервенциялық хирургтер, сондай-ақ Қазақстанның және Ресейдің жетекші мамандары қатысты. Келген мамандар өздерінің күнделікті практикасында жаңа технологияларды сәтті пайдаланып жүргендерін атап өтті.
75 жастағы қарт әйел «Жетінші» клиниканың дәрігерлеріне жүрек ауруы және қимыл кезінде ентігуіне байланысты жүгінді. Қан тамырларына жасалған УДЗ жүрек тамырларының 90-95% -ға дейін тарылғанын анықтады.
«Тамырлардағы ақауды анықтауға қысым бергіші бар арнайы өткізгіш көмектесті. Біз стентті толық ашу мақсатында қатты баллонды пайдаландық, сол арқылы қан ағымын қалпына келтірдік және қосымша дәрілік стентті орнаттық. Операция жоспарлағанымыздай сәтті өтті. Операция МӘМС шеңберінде жасалды», - деді №7ҚКА –ның интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Анартаев.
Оның айтуынша, IVUS (ВСУЗИ) аппаратын клиникалық практикада қолдану қазіргі заманғы кардиологияда көптеген мүмкіндіктер береді. Бұл аппаратты қолдану нәтижесінде, бүгінгі күннің кардиология саласы көш ілгері қадам басты. Бұл әдіс тері арқылы енгізу кезінде коронарлық артериялардың жай-күйін егжей-тегжейлі бағалауға және аяқ-қол тамырларын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл емдеудің тиімділігін едәуір арттырады және асқыну қаупін төмендетеді. Тамырішілік ультрадыбыстың басты мақсаты - қондырылған стенттердің толық ашылуына, дұрыс орнатылуына және тамырлардың тарылуы немесе қанның ұю қаупін тудырмайтынына көз жеткізу.
Бұл өте маңызды, өйткені толық ашылмаған стенттің салдары кейін артерияның қайта тарылуына және қаннаң ұюына әкелуі мүмкін. Мұндай технологиялар барынша нақты шешiмдер қабылдауға және қажетсiз араласулардан аулақ болуға мүмкiндiк бередi. ВСУЗИ –дің дәстүрлі ангиографиядан айырмашылығы, тамырдың ішкі жай-күйін толық көруге мүмкіндік береді.
3 күндік курс аясында қан-тамырішілік ультрадыбыстық зерттеуді пайдалана отырып, бір мезеттік қан ағымын өлшеу арқылы, коронарлық артерияларына стент орнату бойынша 9 ота жасалды. Барлық операциялар сәтті өтті.
«Қантамырішілік ультрадыбысты пайдалану жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтады, стент орнатылғаннан кейінгі асқынулардың алдын алады және емдеу сапасын арттырады. Бұл әсіресе қазіргі уақытта жүректің ишемиялық ауруының кең таралып кеткенін ескерсек өте маңызды», - деп сөзін қорытындылады дәрігер С.М.Анартаев.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
6 человек погибли и 4 пострадали в ДТП в Туркестанской области
Об этом сообщает пресс-служба департамента полиции области. «3 февраля текущего года в Туркестанской области на 5 км ...
Движение ограничили в Акмолинской и Павлодарской областях
Оперативная информация об ограничении движения предоставлена «КазАвтоЖолом». 3 февраля в 20:30 в связи с ухудшением погодных ...
Нацбанк продаст до 650 миллионов долларов из Нацфонда
Национальный банк Казахстана планирует продать от 550 до 650 миллионов долларов из Национального фонда в ...
Суд над Алмасом Кишкенбаевым перенесли
В Алматы суд над певцом Алмасом Кишкенбаевым, ставшим популярным после победы в SuperStar KZ, перенесли ...
Цены на тепло изменятся в Рудном
Тариф на теплоснабжение в Рудном остается самым низким в Костанайской области. Ситуация изменится с 1 ...
Движение для всех видов транспорта ограничили в двух областях
О введении ограничения движения в Алматинской области и Жамбылской областях сообщает «КазАвтоЖол». 3 февраля в 18:00, ...
Алматы әуежайы ауыр халде келген жолаушыға неге жедел жәрдем қызметін жібермеді
Алматы халықаралық әуежайы Делиден ауыр халде келген жолаушыға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kazinform. 12 қаңтар ...
Павлодарец инсценировал угон своего авто
В ходе расследования грабежа автомобиля следствие выяснило, что павлодарец сам создал преступление, чтобы скрыть обман, ...
Работников банков обвинили в выдаче займов без биометрии лица в Павлодарской области
В отношении сотрудников банков и микрокредитных организаций начали расследование, сообщает Kazinform. «В связи с распространением случаев, ...