Күндерек
Күндерек - Қазақтелеком байланыс желісіндегі ақауға қатысты жағдайды түсіндірді
24.01.2025
Бұл мәселеде:
Бүгін сағат 10:00–ден бастап қазақстандықтар бірқатар сервиске, оның ішінде egov.kz мемлекеттік ресурсын ашу кезінде қиындықтарға тап болды. «Қазақтелеком» АҚ осы жағдайға түсініктеме берді.
«Қазақтелеком» бұл проблемалар компания желісінің жұмысымен байланысты емес екенін айтып, бірнеше дәйек келтірді.
1. ТОИТ мәліметтеріне сүйенсек, сағат 10-нан бастап «ҰАТ» АҚ-ға қол жетімділіктің бұзылып, кестеден ауытқығанын көреміз. Білмейтіндер үшін ҰАТ префикстері ТОИТ трафик алмасу нүктесіндегі барлық операторлар үшін қол жетімді. Операторлар мен ТОИТ арасында аралық операторлар жоқ және трафикті тікелей бөлісу мүмкіндігі бар. https://lg-ix.sts.kz/#nitec_astana сілтемесі арқылы looking glass-те трафикті өзіңіз көре аласыз. Астана қаласын таңдап, кезектілік бойынша 6-шы кестені қарауға болады.
2. Бұл ретте Ресейде «Бас радиожиілік орталығының» жалпыға ортақ пайдаланылатын байланыс желісін мониторингілеу және басқару орталығы (ЖОПБ ЖМБ) «Мегафон» компаниясының еуропалық желілермен шетелдік түйісулерінде ақау болғанын хабарлады. МегаФонның ресми мәлімдемесінде ақаулар шешілгені көрсетілген.
3. Осы кезеңде біздің желіде ақаулар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, Қазақтелекомның Еуропа мен Азиядағы біздің қатысу нүктелеріміздің арқасында транзиттік операторларды айналып өтуге байланысты проблемаларды жедел шешуге мүмкіндігі бар. Егер транзиттік операторларда проблема туындаса, біз операторлардың аплинк (транзиттік) ақауларының әсерін азайту және тұтынушыларымыз үшін қызметтердің тұрақтылығын сақтау үшін кіріс трафигін қайта бағыттаймыз. Осы нүктелерде біз транзиттік операторларды айналып өту үшін трафикті Еуропадағы автономды операторлық жүйелермен және BigTech компанияларымен (AS) тікелей алмасамыз.
— Баршаңызға нақты дерекке мән беріп, алып-қашпа әңгімелерге жүгінбеуді сұраймыз. Біздің команда жағдайды бақылап отыр, әрі желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қолдан келгенді аянып қалмаймыз. Жергілікті қызметтерге немесе үшінші тарап операторларына қатысты мәселелерге біз жауап бере алмаймыз, алайда шамамыз келгенше диалог құрып, көмек көрсетуге дайынбыз, — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Орталық аппаратының инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
6 человек погибли и 4 пострадали в ДТП в Туркестанской области
Об этом сообщает пресс-служба департамента полиции области. «3 февраля текущего года в Туркестанской области на 5 км ...
Движение ограничили в Акмолинской и Павлодарской областях
Оперативная информация об ограничении движения предоставлена «КазАвтоЖолом». 3 февраля в 20:30 в связи с ухудшением погодных ...
Нацбанк продаст до 650 миллионов долларов из Нацфонда
Национальный банк Казахстана планирует продать от 550 до 650 миллионов долларов из Национального фонда в ...
Суд над Алмасом Кишкенбаевым перенесли
В Алматы суд над певцом Алмасом Кишкенбаевым, ставшим популярным после победы в SuperStar KZ, перенесли ...
Цены на тепло изменятся в Рудном
Тариф на теплоснабжение в Рудном остается самым низким в Костанайской области. Ситуация изменится с 1 ...
Движение для всех видов транспорта ограничили в двух областях
О введении ограничения движения в Алматинской области и Жамбылской областях сообщает «КазАвтоЖол». 3 февраля в 18:00, ...
Алматы әуежайы ауыр халде келген жолаушыға неге жедел жәрдем қызметін жібермеді
Алматы халықаралық әуежайы Делиден ауыр халде келген жолаушыға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kazinform. 12 қаңтар ...
Павлодарец инсценировал угон своего авто
В ходе расследования грабежа автомобиля следствие выяснило, что павлодарец сам создал преступление, чтобы скрыть обман, ...
Работников банков обвинили в выдаче займов без биометрии лица в Павлодарской области
В отношении сотрудников банков и микрокредитных организаций начали расследование, сообщает Kazinform. «В связи с распространением случаев, ...