Күндерек
Күндерек - Көлікті ұзақ қыздыру: ішкі істер органдары жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді
25.01.2025
Бұл мәселеде:
Автокөлік қозғалтқышын ұзақ қыздырып тұрғандарға айыппұл салуға қатысты мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Дегенмен, бұл норма қабылданғанына біраз жыл болған. Осы орайда, Ішкі істер министрлігі мәселеге қатысты түсінік берді.
- Ішкі істер министрлігі жаппай айыппұл (аталған норма бойынша) салуды көздемейді. Құқық бұзу деректеріне қатысты азаматтардан шағым түскенде ғана сол бойынша заңды шара қабылданады, - деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомствоның мәлімдеуінше, шараның негізі мақсаты – қоғамдық тәртіптің сақталуы.
- Көлікті бес минуттан артық қыздыру деген - шартты ұғым. Ең біріншіден, адамдар «тыныштығымызды бұзды, жарты сағаттан бері көлігінің қозғалтқышын дарылдатып мазамызды алды» деп шағымдануы мүмкін. Сондай жағдайда тыныштықты бұзғаны үшін белгіленген ережелерге сәйкес шара қолданылады. Мұндағы мақсат - ортақ қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың тыныштығын қорғау, - деп түсіндіреді министрліктен.
Қолданыстағы Жол қозғалысы қағидасының 88-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, тұрғын пунктілерінде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тұрғындарға қолайсыздық тудырып тоқтап тұруына тыйым салынады. Осындай талап ЖЖҚ-ның 17-бөлімінің 122-тармағы 4-тармақшасында да көрсетілген.
- Бұл - жаңа норма емес. Ол Жол жүрісі қағидасында 20 жылдан астам уақыттан бері бар. Егер көлік құралы тоқтап тұрған кезде қозғалтқышы 5 минуттан артық жұмыс істеп, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес қарастырылады. Ішкі істер органдары аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары түскен кезде ғана, куәгерлер құқық бұзушылық туралы фотосы мен бейнематериалдарын ұсынған жағдайда ғана қозғалады, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Автодорога Кызылорда – Аральск стала платной с сегодняшнего дня
Об этом сообщает пресс-служба «КазАвтоЖола». «Согласно Приказу №6 министра транспорта Республики Казахстан от 9 января 2025 ...
На Иртыше сотрудники МЧС спасли девушку, провалившуюся под лед
Сегодня в районе Центральной набережной г. Павлодара в ходе проведения рейдовых мероприятий на реке Иртыш сотрудники ...
Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды
Орал қаласында «Жайық Аренада» дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек ...
Мужчина пострадал при пожаре в ЖК в Астане
Сегодня в Сарыаркинском районе Астаны по ул. Бейбарыс Султан в многоэтажном жилом доме в квартире ...
Павлодар облысында жанып кеткен ауыл мектебінің орнына жаңа ғимарат салынады
Ертіс ауданы Бұланбай ауылында отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына шағын жинақтағы мектеп ...
Госсоветник принял участие в форуме Национального конгресса историков
В Астане состоялся форум Национального конгресса историков Казахстана, в котором принял участие государственный советник Республики ...
ШҚО-да өрттен көз жұмғандар саны 7%-ға азайды
Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымында өрттен қаза болғандар саны 7%-ға азайды. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті ...
Крупный пожар на предприятии по реализации древесного материала тушат в Петропавловске
Об этом сообщает пресс-служба Министерства по чрезвычайным ситуациям. «В городе Петропавловске по улице Ж. Кизатова на ...
Өзбектер үшін маусымдық жұмыс квотасын ұлғайтады
Ұлыбританиядағы рекрутингтік компаниялардың өкілдерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform Өзбекстан Миграция агенттігінің баспасөз қызметіне ...