{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Павлодар облысында жанып кеткен ауыл мектебінің орнына жаңа ғимарат салынады

Күндерек - Павлодар облысында жанып кеткен ауыл мектебінің орнына жаңа ғимарат салынады

26.01.2025

Бұл мәселеде:

Ертіс ауданы Бұланбай ауылында отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына шағын жинақтағы мектеп салынады.

Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина хабарлады.

- Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртке оранғаны бәрімізге мәлім. Сол күні оқиға орнына барып, жағдайды өз көзіммен көрген болатынмын. Ауыл тұрғындарымен, ұстаздармен және қызметкерлер ұжымымен кездесіп, мектепте білім алып жүрген оқушылардың алдағы күндері қайда оқитыны жайлы нақтылап алған едік. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликовамен оқиға орнына арнайы тағы бір мәрте іссапармен барып келдік. Айгүл Қайыртасқызы облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен өртеніп кеткен мектептің орнына бала санына шақтап, мектеп салынатынын жеткізді. Мектептің қайта қалпына келуі тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен бірге ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да жаңарту бойынша маңызды қадам болмақшы, - дейді басқарма басшысы.

Жаңа шағын жинақталған мектептің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттен қаражат бөлінеді. 

Дереккөз: kazinform

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

25 қаңтар

Қазір эфирде