Күндерек
Күндерек - Сенатта су тасқынына дайындық мәселелері жөнінде Үкімет сағаты өтеді
27.01.2025
Бұл мәселеде:
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді.
Онда депутаттар осы аптада өтетін іс-шараларды пысықтады және 30 қаңтар күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Соған сәйкес алдағы бейсенбіде Палата депутаттары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелім баждарының сомасын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжаттың нормалары санкциялық шектеулер жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік баждарды әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді жоюға бағытталған.
Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда қарайды. Аталған заң тиісті салалардағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыруды көздейді. Заң нормаларына сәйкес пошта операторлары үшін мынадай мүмкіндіктер белгіленеді: парольді (пин-кодты) енгізіп, құқықты растау арқылы адресаттың келісімін ала отырып, пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаларға тапсыру, почтоматтарды орналастыру тәртібін нақтылау, ұлттық пошта операторына заң талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығын беру.
Сонымен қатар осы аптада Сенатта көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері жөнінде Үкімет сағаты өтеді. Онда депутаттар министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп, былтырғы тасқынның себептері мен салдарын, алдағы көктемде елді мекендерді, оның ішінде өзендер мен су қоймаларының жанында орналасқан ауыл-аймақты су басудың алдын алу мәселелерін және халық пен үй шаруашылықтарын қолдау шараларын талқылайды.
Бұдан басқа, Палатаның бұл аптадағы жоспарында экономиканы дамыту, экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі және басқа да маңызды мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер қарастырылған. Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау және Парламенттік тыңдауға дайындық аясында Сенаттың салалық комитеттері «Еңбек адамы — ұлттық экономиканың өсуі және ұлт өркендеуінің негізі», сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы ормандарды молықтыру және орман шаруашылығын дамыту» тақырыптарына арналған отырыстар өткізеді.
Одан бөлек, Бюро отырысында бұған дейін Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Павлодарда қызды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық із қозғалды
Өзінен үш жас ересек қызды аяусыз ұрған бойжеткен профилактикалық есепке алынған, деп жазады kazinform. Әрі оның ...
Какая погода ждет казахстанцев сегодня
Снег, метель и усиление ветра ожидаются во вторник на большей части Казахстана, сообщает пресс-служба РГП «Казгидромет». «Северный ...
В Алматы ликвидировали крупный пожар в административном здании
В Алматы произошел крупный пожар, который был успешно потушен силами Министерства по чрезвычайным ситуациям. Об ...
Алматыда бизнес-орталық өртеніп жатыр
Алмалы ауданында үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді. Отқа оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық ...
Свыше 60 мопедов зарегистрировали в Алматы
На сегодняшний день в Алматы официальную регистрацию прошли свыше 60 мопедов. В городе действует принцип ...
Успел сделать лишь одну закладку: столичного наркокурьера задержали в Кокшетау
Сотрудниками подразделения по противодействию наркопреступности задержан очередной закладчик-гастролер. 37-летний мужчина специально приехал в Кокшетау из ...
Многоквартирный жилой дом горел сегодня в Актау
Спасатели МЧС ликвидировали пожар. «В г. Актау в микрорайоне №17 в многоэтажном жилом доме на десятом этаже ...
Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстандықтарды құбылмалы ауа райы күтіп тұр
«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын хабарлады. Тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер ...
Уколол в спину ученика: уголовное дело зарегистрировано в отношении учителя из Павлодара
Об этом сообщает пресс-служба департамента полиции Павлодарской области. «Сотрудниками полиции по факту нанесения побоев или иных ...