{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Сенат пошта қызметін жетілдіруге бағытталған заңды мақұлдады

Күндерек - Сенат пошта қызметін жетілдіруге бағытталған заңды мақұлдады

30.01.2025

Бұл мәселеде:

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Заңның мақсаты - пошта, мемлекеттік қызметтер көрсету, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту.

Қазір 2054 ауылдық пошта бөлімшесі жұмыс істейді, олар қолма-қол ақша, хаттарды, газеттерді жеткізуді, төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етеді және барлық 6209 ауылды елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетеді.

- Пошта саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында пошта байланыс нарығын, оның ішінде электрондық сауданы дамытуға, пошта байланысының субсидияланатын әмбебап қызметтерін қысқартуға, пошта саласындағы уәкілетті органның қызметін бюрократиядан арылтуға бағытталған түзетулер көзделген.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын көрсетудің цифрландырылған, атаулы әрі проактивті сипатына сай, халықтың қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыруды көздейтін «Әлеуметтік әмиян» жобасы заңнамалық деңгейде бекітіледі. Бұл цифрлық технологияларды енгізу және қолма-қол ақша пайдалануын шектеу арқылы әлеуметтік көмек құралдарын себепсіз пайдалануды азайтуға және олардың қадағалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Аталған жоба пилоттық режимде 2024 жылдың 1 қарашасынан еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылып жатыр, - деді сенаттр Әлібек Нәутиев.

Құжатта пошта операторларының қызметтері пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ПИН-кодты теру немесе QR-кодты оқу арқылы адресаттың келісімін ала отырып, пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаларға тапсыру мүмкіндігін қарастыру ескерілген. Ұлттық операторға, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамына денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығы беріледі.

Оның айтуынша, қазақстандық кадрлардың тапшылығына байланысты «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заңға шетелдіктерге капитан, капитанның аға көмекшісі және аға механик лауазымдарына орналасуға тыйым салуды одан әрі тоқтата тұру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Республикамыздың кемелерінде командалық құрам лауазымдарында 585 теңізші, оның ішінде 317 қазақстандық және 268 шетелдік теңізші жұмыс істейтінін ескерсек, бұл норма командалық құрамды қазақстандық кадрлармен толықтырғанға дейін кеме компанияларының қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді.

- Бұдан бөлек, «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында «Пошта туралы» заңға уәкілетті органның құзыретін нақтылауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, - деді депутат.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде