Күндерек
Күндерек - Қызылордада 15 жастағы қызға үйленген 21 жастағы жігіт 12 жылға сотталып кетті
30.01.2025
Бұл мәселеде:
Қызылорда облысында 15 жастағы қызға үйленген 21 жастағы жігіт 12 жылға сотталып кетті.
Бұл оқиға жайында әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда екеуінің ата-аналарының рұқсатымен үйленгені айтылған. Кейіннен 15 жастағы қыз жүктілігіне байланысты дәрігерге көрінген. Емханадағы мамандар бұл жайында полицейлерге жеткізген.
Сол оқиғадан кейін жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Аталған сот үкіміне байланысты Қызылорда облыстық соты Kazinform ақпарат агенттігіне түсініктеме берді.
- Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 25 қарашадағы үкімімен жабық сот отырысында сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 122-бабының 3-бөлігі 1)-тармағымен (көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) кінәлі деп танылды.
Сотталушы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 12 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Сот үкіміне 2024 жылғы 17 желтоқсанда апелляциялық шағымдар түскен.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық сотынан.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Оралда көлік жөндеу орталығында 3 автомобиль жанып кетті
Орал қаласының өндірістік аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығында өрт шықты. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім ...
Рейсы задерживаются в аэропорту Алматы из-за непогоды
Международный аэропорт Алматы сообщает, что в связи с ухудшением погодных условий производственные службы аэропорта работают ...
Қызылордада 15 жастағы қызға үйленген 21 жастағы жігіт 12 жылға сотталып кетті
Қызылорда облысында 15 жастағы қызға үйленген 21 жастағы жігіт 12 жылға сотталып кетті. Бұл оқиға жайында ...
Правила регистрации, хранения и перевозки оружия напомнили казахстанцам в полиции
Гражданам Казахстана разрешено владеть оружием для охоты, спорта и самообороны. Для его приобретения необходимо получить ...
Министр науки и высшего образования рассказал, когда казахстанские студенты получат стипендии
Саясат Нурбек 30 января прокомментировал информацию о задержке выплаты стипендий студентам, сообщает Zakon.kz. Обращение министра размещено ...
Тиктокершу наказали за незаконное ношение полицейской формы в Шымкенте
Сотрудниками полиции Шымкента установлена видеозапись прямого эфира в TikTok якобы девушки-полицейского. «Девушка в полицейской форме демонстрировала ...
О введении ограничения движения в Жамбылской области сообщает «КазАвтоЖол»
Движение ограничили определенному виду транспорта из-за непогоды. «30 января в 20:00 в связи с ухудшением погодных ...
«Нацфонд – детям»: 129,38 доллара поступило на счет каждого казахстанского ребенка
Национальный банк Казахстана сообщает о начислении в ЕНПФ очередных целевых требований для детей до 18 ...
Назначен вице-министр торговли и интеграции
Им стал Асет Нусупов, сообщает Primeminister.kz. «Постановлением правительства Республики Казахстан Нусупов Асет Ильясович назначен на должность ...