{metadescription}

Күндерек

Күндерек - Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы төңірегіндегі дау: Саясат Нұрбек жауап берді

Күндерек - Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы төңірегіндегі дау: Саясат Нұрбек жауап берді

31.01.2025

Бұл мәселеде:

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы төңірегіндегі дауға жауап берді, деп жазады kazinform.

Әлеуметтік желіде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі 2025 жылдың 5 қаңтарында күшіне енген ғылыми қызметкерлердің еңбекақы төлеу қағидаларына қарсылық білдірді. 

Желіде жариялаған жазбаға 100-ге жуық пікір жазылды. Осы орайда, Kazinform тілшісі Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағинмен байланысып, жаңа қағидаларға айтылған сынның себебін анықтады.

- 2025 жылғы 5 қаңтарда ғылыми қызметкерлердің еңбекақы төлеу қағидалары қабылданды. Бұған дейін мұндай ереже болмаған және ғалымдар гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ұтып алған жобаларында ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын жобаны іске асыратын ғылыми жетекші өзі бөлетін. Ол жұмыстың күрделілігіне, ауқымына және әрбір зерттеушінің нақты үлесіне байланысты жүргізілетін. Бұл дұрыс тәртіп болатын. Өйткені ғылыми жобаны іске асыру – шығармашылық процесс, оны қатаң стандарттарға салуға немесе белгіленген ставкалармен шектеуге болмайды, - деді Мақсат Жабағин.

Оның айтуынша, еңбекақының барлығына бірдей белгіленген бірыңғай мөлшерін анықтайтын ереже – отандық ғылымдағы бюрократияның күшеюінің белгісі. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы ғылымға қатысты қандай да бір реформа жүргізбес бұрын ғалымдардың өзімен ақылдасқан жөн екенін атап өтті.

- Біздің ұсынысымыз – министрлік белгілеген №592 қағидалары ғылым саласындағы кепілдендірілген ең төменгі еңбекақы деңгейі ретінде бекітілуі тиіс, бірақ ең жоғары еңбекақы мөлшеріне шектеу қойылмауы қажет. Ең жоғары еңбекақы мөлшерін ғылыми жобалар мен бағдарламалар жетекшілері бекітілген ғылыми өтінім бюджеті шеңберінде өздері анықтауы тиіс, - деп атап өтті Мақсат Жабағин.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтылған мәселе бойынша Kazinform тілшісінің сауалына жауап беріп, бұл норма алдағы уақытта қайта қаралатынын айтты.

- Өткен аптада біз ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен, жас ғалымдармен 5 үлкен сессия өткіздік. Олардың барлық ұсынысын жинадық. Келесі аптада бұл бұйрыққа өзгеріс енгізіледі. Қаржылай шектеу алынады және жаңа бұйрық шығады. Оған қоса, жаңа байқауларға сол өзгерістермен толыққанды есептерін бере алады, - деді министр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде