Күндерек
Күндерек - Қаңтар айында теңге нығайды - Ұлттық банк
03.02.2025
Бұл мәселеде:
Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 518,2 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды.
Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлады. Дерекке қарағанда, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 254 млн АҚШ долларынан 227 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады, деп жазады kazinform.
- Қаңтар айында Ұлттық қордан 850 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.
Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді, - деп жазды ведомстводан.
Ұлттық банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге ақпанда Ұлттық қордан 550 млн АҚШ долларынан 650 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.
Ұлттық банк қаңтарда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Ақпанда БЖЗҚ-ға валюта сатып алу жоспарланбайды.
Қаңтар айында Ұлттық банк отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан бұрын сатып алынған алтынды сатудан түскен АҚШ долларын ішкі валюта нарығында сату көзделетін теңестіру тетігін ендіруге шешім қабылдады. Осы шешім аясында қаңтарда 244 млрд теңге азайтылды. Ақпанда осы мақсатта баламасында шамамен 250 млрд теңге көлемінде валюта сату күтіледі.
Ұлттық банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
МВД: В Казахстане снизилось количество фактов скотокрадства
Об этом сообщил на онлайн-брифинге ведомства официальный представитель МВД Шынгыс Алекешев, передает Polisia.kz. В 2024 году ...
Дело Алмаса Кишкенбаева поступило в суд: что ему грозит
Дело в отношении популярного певца Алмаса Кишкенбаева будет рассмотрено в специализированном межрайонном суде по административным ...
Население Казахстана превысило 20 миллионов человек
По данным на 1 января 2025 года, в стране проживают 20 286 084 человека, сообщает ...
Қазақстанда доллар бағамы көтерілді
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық ...
Многолетнее домашнее насилие: экс-супруга депутата маслихата Атырау обратилась к президенту
2 февраля в Facebook было опубликовано письмо жительницы Атырау, матери четверых несовершеннолетних детей Нуржамал Тажигалиевой. Письмо ...
Елімізде мал ұрлығы жазасы қатаңдатылды
Енді мал ұрлығы қайталанған жағдайда ауыр қылмыс саналады, деп жазады kazinform. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ...
О введении ограничения движения в Жамбылской области сообщает «КазАвтоЖол»
Ограничения водятся из-за непогоды. 3 февраля в 20:00, в связи с ухудшением погодных условий, на участке ...
Драка между гостями и сотрудниками произошла на Шымбулаке
Видео распространилось в социальных сетях. Как стало известно Tengrinews.kz, инцидент произошел вечером 1 февраля. По данным ...
Елімізде мал ұрлығы 30,5 пайызға азайды – ІІМ
Жыл басынан бері ел аумағында 69 мал ұрлығы фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми ...